«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бейбітшілік, зорлық-зомбылық және балаларға қатыгез қараудың алдын алу» семинар практикумы.

22.02.2024

2024 жылғы 21 ақпанда «Державинск қаласының Н.Крупская атындағы БМ» КММ базасында аудандық семинар-практикум өтті: «Бейбітшілік, зорлық-зомбылық және балаларға қатыгез қараудың алдын алу».
Мақсаты: жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы жасөспірімдерде буллинг (зорлық-зомбылық) профилактикасының мазмұнын, әдістерін, нысандарын теориялық тұрғыдан зерделеу және негіздеу.
Іс-шараға тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар, жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтары қатысты.
 ️Семинар-практикум үш бөліктен тұрды: теориялық, практикалық, рефлексия. Семинардың практикалық бөлімінде педагогтар теориялық білімдерін «Ашулану шары», «Ойыншықпен ассоциация», «Тұздақ/балмұздақ» және т.б. сияқты ойын технологиялары арқылы қолдана алды. Рефлексия барысында педагогтар өткен іс-шара туралы өз әсерлерімен бөлісті. Олар: - өздеріне пайдалы не алды? - деген сұрақтарға жауап берді. - қандай ақпарат жеткіліксіз болуы мүмкін? Іс-шара соңында профилактика бойынша ұсыныстар берілді.

Просмотров: 872


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст