«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» облыстық конкурсын өткізу туралы Ереже

24.04.2020

Ақмола облысы білім басқармасының

2020 жылғы 30 наурыздағы

№___75_  бұйрығына

 

1-қосымша

 

 

Ақмола облысы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» облыстық конкурсын өткізу туралы

Ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

            Осы «Үздік педагог» облыстық конкурсын өткізу туралы ереже (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және енгізілген өзгерістерге сәйкес ҚР БҒМ 2019 жылғы 25 маусымдағы № 11-6/562 хаты негізінде әзірленді.

 

  1. Ереже меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог» (әрі қарай – Конкурс) облыстық конкурсын өткізу тәртібін айқындайды.

 

  1. Конкурстың мақсаты педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерге сыйақы беру болып табылады.

 

  1. Осы Ережелерде төмендегі түсініктер қолданылады:

1) бейнеролик – арнайы құралдардың көмегімен түсірілген және ұсынылған тақырып бойынша қатысушының өзінің қабылдауын, көзқарасы мен ойын көрсететін бейнесюжет;

2) конкурстық комиссия – аудандық (қалалық), облыстық кезеңде Конкурстың жеңімпазын анықтау және Конкурстың келесі кезеңдеріне қатысу үшін ұсыным ұсыну үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі - Комиссия);

3) Конкурсқа қатысушы – осы Қағидаларға сәйкес Конкурсқа қатысуға құжаттарын ұсынған білім беру ұйымының штаттағы педагог қызметкері;

4) конкурс үш деңгей бойынша: мектепке дейінгі, жалпы орта, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп - интернаттар, техникалық және кәсіптік білім беру педагог қызметкерлері арасында өткізіледі. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп - интернаттар өздерінде бірінші кезеңді өткізіп, жалпы білім беретін мектептердің құрамындағы облыстық конкурсқа қатысады;

5) педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижесі, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы;

6) облыстық конкурстық комиссия – конкурс жеңімпазын анықтау үшін білім басқармасы құратын комиссия;

7) сыйақы – «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне білім беру ұйымының педагогтарына қайтарымсыз берілетін ақша;

8) эссе – белгілі бір тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма.

 

  1. Конкурс  жеңімпаздарына  облыстық  бюджеттің  есебінен  сыйақы

 

тағайындалады. Сыйақы бір ретте жеңімпаздардың ағымдағы есебіне аударылады.

 

Мектепке дейінгі ұйымдардың  қызметкерлері үшін келесідей сыйақы қарастырылды:

 

  • Бас жүлде – 150 000 теңге;   -1- орын – 100 000 теңге;
  • 2- орын – 75 000 теңге;

 

  • 3- орын – 50 000 теңге.

 

Жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтарына келесідей сыйақы қарастырылды:

 

-Бас жүлде – 150 000 теңге;

 

-1- орын – 100 000 теңге;

 

-2- орын – 75 000 теңге;

 

-3- орын – 50 000 теңге.

 

Техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің педагогтарына келесідей сыйақы қарастырылды:

 

-Бас жүлде – 150 000 теңге;

 

-1- орын – 100 000 теңге;

 

-2- орын – 75 000 теңге;

 

-3- орын – 50 000 теңге.

 

  1. «Үздік педагог» конкурсын өткізу тәртібі.

 «Үздік педагог»  облыстық сырттай конкурсы өткізіледі:

 

  • 2020 жылдың сәуір айында – Ақмола облысы білім басқармасының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының ішкі (аудандық /қалалық) кезеңі;

 

  • 2020 жылғы  13-15 мамыр аралығында –мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту білім беру ұйымдарында;

 

  • 2020   жылғы  20-22   мамыр  аралығында   -  бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында;

 

         - 2020жылғы  27-29 мамыр аралығында – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында.

6. Конкурсқа төмендегі талаптарға сай келетін Ақмола облысының азаматтары қатыса алады:

 

  1. білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын;
  1. Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі және санаты бар: жоғары, бірінші, педагог-сарапшы, педагог – зерттеуші, педагог – шебер Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
    1. Конкурсты Комиссия өткізеді, оның төрағасы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы болып табылады.

 

  1. Конкурс қатысушыларын іріктеу осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген критерийлер бойынша өткізіледі.

 

  1. Комиссия білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтардан, әдіскерлерден, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылады.

 

  1. Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұруы тиіс. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.

 

  1. Комиссияның   дербес   құрамы   уәкілетті   органның   шешімімен

бекітіледі.

 

  1. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды білім басқармасымен бір ай бұрын Ақмола облысының аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ білім басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

 

  1. Педагогтың педагогикалық қызметтегі жетістіктері мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
  2. педагогтің кәсіби құзыреттілігі:

- білім сапасына әсер етуі мүмкін оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану;    

         - оқыту практикасына зерттеу жүргізу, оқыту және тәрбиелеу;

2)педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі:  

-  мемлекеттік білім беру және әлеуметтік жобаларды іске асыру;

-республикалық немесе халықаралық деңгейде авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;

- республикалық немесе халықаралық деңгейде ұсынылған оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу;

- білім беру ұйымдарының, республиканың немесе халықаралық қауымдастықтың педагогтарына тәлімгерлік және оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары және т. б.);

3) педагог қызметінің нәтижелілігі:

- оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі;

- оқушылар мен тәрбиеленушілердің республикалық немесе халықаралық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері;

- республикалық немесе халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға, жобаларға қатысу;

         4) педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау:

 - үкіметпен, ұлттық педагогикалық ұйымдармен, білім беру ұйымдарының директорларымен, әріптестермен, басқа қауымдастықтардың өкілдерімен немесе оқушылардың мұғалімдерді мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық өкілдердің, шығармашылық қоғамның пікірлері, әдістемелік өнімдерге рецензия, алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдар);

- қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында, талқылауларда, семинарларда мойындау, қайырымдылық ұйымдарына мүшелік);

 - оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлт, мәдениет және дін өкілдерімен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құндылық білім беруді дамыту (басқа елдердің мектептерімен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу)

 

 

15. Конкурсқа қатысу үшін  2020  жылғы  30 сәуірге  дейін облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне (Көкшетау қ., Сәтбаев көшесі, 1 «А», мектепке дейінгі ұйымдар – 107а, жалпы орта білім беру ұйымдары – 101 каб., ТжКБ ұйымдары – 107 каб.) мынадай құжаттар ұсынылады:

 

  1. өтінім (1-қосымша);

 

  1. аудандық немесе Көкшетау және Степногорск қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен расталған Конкурстың қатысушысына берілген ұсыным;
  2. жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) электрондық тасымалдағыштағы бейне-сабақтар (компакт-дискілерде);     

6) педагог портфолиосы;

7) «Менің жүрегімнің мектебі» бейнеролигі; 

8) эссе «Педагог қандай болуы керек»;     

9) Конкурсқа қатысушының карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама (Халық банкі).

- Бейнероликтің мазмұны монолог жанрында ұсынылған тақырып бойынша қатысушының жеке қабылдауын, көзқарасы мен ойын көрсетеді.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

форматы: DVD, MPEG4;

ең аз рұқсаты-720x480 (12:8 см);

ұзақтығы-1 минут;

қатысушының атымен ақпараттық сақтағышты рәсімдеу.

Бейнероликті түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдар, фотосуреттер, бейнефрагменттер, арнайы әсерлер, фондық музыка қолданылуы мүмкін. Конкурсқа басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімдерін қорлайтын, тақырыпқа сәйкес келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.

  • Эссе мазмұны (бір бет А4 - шрифт TimesNewRoman, аралығы - бір) Плагиатқа тексеру қажеттігіне, кемінде 80% даралыққа назар аударылады.

Эссе мазмұны келесі сұрақтарды ашады:

Ұлы адамдардан кім шабыттандырады, балаларға кім туралы айтасыз(философтар, саясаткерлер, өнер қайраткерлері, педагогтар, рухани көшбасшылар, қайырымдылық және т. б.)?

Мектепте, ауданда, облыста, елде педагог мәртебесін арттыру үшін Сіз не істедіңіз?

Отбасы оқыту мен тәрбиеге қалай әсер етті?

Мейірімді және ақкөңіл адамды қалай тәрбиелеу керек?

Баланың үлгерімінің төмендігінің себептері қандай (білім беру жүйесі, ата-ана немесе баланың өзі)?

16. Конкурстық материалдар қағаз тасығыштарда көрсетілген тізбектілік бойынша жиналуы тиіс.

 

17. Материалдардың электрондық нұсқалары, сондай-ақ бейнематериалдар электронды тасымалдағышта (компакт-дискіде) берілуі тиіс. Конкурс материалдары рецензияланбайды және қайтарылмайды.

  1. Аудандық/қалалық білім беру ұйымының конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді қағаз түрінде конкурстық комиссияның төрағасының қолы қойылып, білім беру ұйымының мөрімен куәландырылып жеке беріледі.

 

  1. Құжаттар (өтінім, ұсыныс, білім беру ұйымының конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді) мемлекеттік тілде ұсынылады. Педагогикалық қызметтің материалдары оқу тілінде ұсынылады.

 

20. «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарын анықтау туралы комиссияның шешімі қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

 

21.Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

22.Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындылары Ақмола облысының аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жарияланады, сондай-ақ білім басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

  1. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, ақшалай сертификаттармен және қатысқаны үшін грамоталармен марапатталады.
Просмотров: 418


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст