«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің балабақшамызға келіңдер, біздің есігіміз ашық…

17.02.2020

            Жарқайың ауданының «Білім бөлімі»ММ 2019-2020 жылдарға жылдық жоспарға сәйкес және білім беру мекемелерінде жас мамандардың табысты бейімделуі үшін жағдай жасау, әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру, әрі қарай кәсіби өсуді ынталандыру, жас педагогтардың жеке жұмыс стилін қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 6 ақпан күні «Шаңырақ» балабақшасында ашық есік күні өтті. Іс – шараға ауданның балабақшалары мен шағын орталықтарынан 10 жас маман-тәрбиешілер қатысты. Қонақтар назарына 4 іс - шара ұсынылды: 2- кіші топта "Шаңғыда" - 1 біліктілік санаттағы музыкалық жетекші О.П. Споденец және жоғары біліктілік санаттағы тәрбиешісі Н.А. Каштеляк көрсетті.

            Кейін педагогтар 1 санаттағы тәрбиеші Г.Ш. Жакупова "Грамматика және хат негіздері" бойынша «Сөздерді буынға бөлу» атты ересек топта сабақ өткізді.

         Тәрбиеші балалармен сөздерді буынға бөле білуді бекітіп, екпін туралы білімді жалпылап, екпіннің орнын анықтай білді. Тәрбиеленушілер берілген дыбысқа сөздерді таңдай алады. Балалар өз бетінше дәптерге қалай жұмыс істей алатынын көрсетті. Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетін (ҰОӘ тақырыбы: "Менің анам. Пән топтарын салыстырамын. Жоғары санатты тәрбиеші Н. Ш. Жакенова мектепке дайындық тобының балаларымен өткізді". Сабақта балалар заттар топтарын салыстыру жазбаларында =, <, > белгілерін тануды үйренді; және екі сандарды салыстыру жазбаларын оқып,=,<, >белгілерімен салыстыру жазбасын түсіндіруді үйренді. Жас тәрбиешілердің назарына М.А. Рыбаковтың орта топта "Саяхат" Денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы дене шынықтыру сабағын ұсынды. Балалар жол бойымен паровозпен саяхатқа барды: тізелерді жоғары көтеріп, табан сыртымен жүрді; аяқпен "Денсаулық жолдары"басып жүрді. Балалар тыныс алу жаттығуларын жасады; «Қыздыру» массаж ойыны; алақанды конустармен уқалау және т.б.

         Сабақ соңында балалар сергектік қуатын алып алма-витаминін алды.

         Балабақшада Ашық есік күнін жас мамандарға арналған ашық есік күнін өздері көрген іс-әрекеттері туралы пікірлерімен аяқтады.

         Сонымен қатар, жас тәрбиешілерге ұсыныстар берілді.

         Қонақтар алғыс білдіріп, оң пікірлер мен тілектер қалдырды.

Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст