«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мастер- класс «Білімдегі- инновация»

17.02.2020

   Тәрбие адам өміріне қажетті азық, ал тәрбиеші болу бала өміріне жауапты болу дегенді білдіреді.

             Гастелло ауылындағы  МКҚК «Балдәурен» бөбекжай- бақшасында 2020 жылдың 13 ақпан күні аудандық   «Білімдегі- инновация»  атты  Мастер- класс өтті.

            Мақсаты:  білімдегі инновациялық идеяларды дамыту, педагог иноватор Воскобович.В.В технологиаларымен таныстырып өту.  Аудандағы  балабақша педагогтері жиналды. «Шеберлік сыныбын» көрсеткен Аудандық білім бөлім әдіскері   Исаева Гульжан Жумабаевна «Сиқырлы сурет» трафаретпен жұмысты таныстырып өтті. МКҚК «Балдырған»  бөбекжай- бақшасының екінші санатты  әдіскері Дабылова Мирамгуль Толеуовна «Пластилинография- жаңа көзқарас»  тақырыбын ашып  ермексаздың шығармашылық дамудағы көмегіне тоқталды,  МКҚК «Шанырак» бөбекжай-бақшасының бірінші санатты  тәрбиешісі Рыбакова Мария Александровна «Шығармашылық сурет» тақырыбындағы музыкамен сурет салудың ерекше тұстарына тоқталып кетті.   МКҚК  «Балдәурен» бөбекжай- бақшасының  бірінші санатты тәрбиешісі Кудрявцева Елена Александровна  «Энкаустика- дәстүрден тыс сурет салу»  атты шеберлік сыныбында  сурет салудағы жаңа тәсілдерді  ұсынды.   «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының бірінші санатты тәрбиешісі   Есмаганбетова Данагул Еламановна. «Воскобовичтың дамытушы ойындары»  атты шеберлік сыныбында  Воскобовичтың көрнекіліктерімен  қалай жұмыс жасау керектігін көрсетті.   Өз тәжірбиелерімен бөліскен педагогтер білімдегі жаңашылдықтың маңызын  басты назарда ұстады.

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст