«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметті

11.04.2023
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметті
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:
1) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері: Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылдау және оқуға қабылдау туралы хабарлама алады, құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде - бас тарту себебін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы хабарлама келеді.
- көрсетілетін қызметті берушіге:
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдау барысында ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап өз аумағынан өтініш берген үш көрсетілетін қызметті алушыға, содан кейін - басқа аумақтан алдыңғы тіркелгендер қатарынан 1 (бір) үміткерге ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданғаны туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде (қағаз жүзінде) - ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылдағаны және оқуға қабылданғаны, құжаттардың толық емес пакетін тапсыру кезінде - бас тартудың себебін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы хабарлама беріледі.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі: Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - бір жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама ("егу картасы") және ("Бала денсаулығы паспорты") 026/у-3 есеп нысаны;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуы:
1) - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 тіркелген) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.
Қосымша ақпарат алу үшін Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің ММ, бас маманы Баян Төлегенқызы Берлібековаға жүгіну керек , анықтама телефоны бойынша 8(71648)9-24-63.
Просмотров: 199


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст