«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті

11.04.2023
"Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 30 (отыз) минут.
Көрсету нысаны: Электрондық (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Құжаттардың тізбесі: Белгіленген нысандағы өтініш.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) -көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) -"Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3)- көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.
Қосымша ақпарат алу үшін Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің ММ, бас маманы Шонова Светлана Пионерқызына жүгіну керек , анықтама телефоны бойынша
8(71648)9-24-60.
Просмотров: 205


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст