«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Армысың, жаңа жыл!»

31.12.2019

Әрине, ересектер мен балалардың ең сүйікті мерекесі – Жаңа жыл. «Солнышко»  балабақшасында жаңа жылға арналған ертеңгіліктерге деген дайындық ерте  басталды. Балалар ғажайыпқа толы жаңа жыл мерекесін,  осы мерекеде берілетін  сыйлықтарды тағатсыздана күтті.

    Біздің ұжым, балабақша  мен топтарды безендіру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Музыка залының сахнасында– қысқы пейзаж, ақ омбы қар, ал ортасында әдемі безендірілген  – сұлу шырша. Балалар  жаңа жылға арналған ертеңгілікке карнавалдық костюмдерін киіп, көңілді көңіл – күймен келді. Олардың  үміті  ақталды! Жаңа жылдық қойылымға қатысқан тәрбиешілер мен ата-аналар өздерінің шығармашылық шеберліктерін, актерлық  және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы әртіс ретінде  көрсете білді. Олар: Леший, Мыстан кемпір, өшпес Кощей, Мысық, Қарақшы, Ақшақар, Аяз Ата сияқты кейіпкерлердің рөлдерін ойнады. Қойылым басталғаннан бастап, ертегі кейіпкерлері балаларды ғажайып ертегілер әлемімен  қызықтырды. Балалар қызықты сайыстарға қатысты. Аяз Ата келген соң  шырша шамдары жағылып, нағыз мереке басталды. Қойылымнан кейін балалар Аяз Ата мен Ақшақарға жаттаған тақпақтарын айтып, жаңа жылдық сыйлықтар алды.

 

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст