«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарқайың ауданының әкім шыршасы!

26.12.2019

Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.  Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Осыған орай 2019 жылдың 25 желтоқсан күні Жарқайың ауданының Н.Крупская ат. орта мектебінде «Жаңа жыл- 2020» атты аудан әкімінің шыршасы өтті. Шыршаға ауданымыздың мектептерінен 90 бала қатысты. Аяз ата, Ақшақар мен бірге Ер-төстік, Шал мен кемпір, Тышқан ертегілердің жаңа жылдық қойылымның кейіпкерлеріне айналды. Балалар жасыл шыршаны айналып жаңа жылды жырлаған әсем әуезді әндерін әуелетті, би биледі. Барша балалар аяз атаға тақпақтарын оқып, әкімшілік дайындаған жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.

 

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст