«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақша қалай балақай?» тақырыбында облыстық мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында байқауы өтті.

11.12.2019

      «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ақмола облысындағы «Жас Ұлан» аймақтық орталығымен «Рухани жаңғыру» ұлттық патриоттық идеясын іске асыру мақсатында 2019 жылдың 22 қазанында «Қазақша қалай балақай?» тақырыбында облыстық мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында байқауы өтті.

Іс-шараның негізгі міндеттері: мектепке дейінгі ұйымдарда  мемлекеттік тілді өзге ұлт өкіл балаларын үйретуге, балалардың өз ойларын жеткізе алуға, мемлекеттік тілді түсіну және өз ойын еркін жеткізе білу, балаларды ойын арқылы қазақ қазақ халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген құрметпен және  сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Тасты-Талды а. «Айгөлек» бөбек-жай бақшасының тәрбиеленушілерімен бірге қазақ тілі пәні мұғалімі Меруерт Естайқызы Нұртазина «Атқа міңгізу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

         Бұл іс-шара балалардың қаншалықты қазақ тілінде сөйлей алатындығына, сонымен бірге халықтың тарихы мен мәдениетін білетіндіктерін көрсетті. Жарқын әсерлер, халықтық мәдениеттің, тілдің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіну, мұның бәрі әділ қазылар алқасына мұғалімді бағалауға мүмкіндік берді. «Қазақшаң қалай, балақай?» облыстық байқауында Меруерт Естайқызы 2 орынға ие болды.

 

Г.Исаева АББ әдіскері

 

 

 

 

Просмотров: 393


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст