«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АББ кеңесі

09.12.2022
2 желтоқсанда «Державин қ. А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында білім бөлімі басшысының, мектеп директорларының, балабақша меңгерушілерінің және әдістемелік кабинеттің қатысуымен АББ кеңесі өтіп, онда бірнеше мәселелер қаралған болатын.
Бірінші мәселе бойынша тәрбие жұмысына жетекшілік ететін әдіскер А.Ж. Казканов сөз сөйлеп, аудан мектептерінің оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстың жай-күйі туралы таныстырды. «Жас мұғалім мектебі» жұмысы туралы екінші мәселе бойынша жас педагогтар қауымдастығының басшысы А.А. Манатов сөз сөйледі, өз сөзінде ауданымыздың жас мамандарымен жыл бойы жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Үшінші мәселе бойынша қараша айында аудан мектептерінің сабақтарына қатысқан әдіскерлер сөз сөйледі, сабақтарға қатысты ескертулер оқылды, сондай-ақ сабақтарды өткізу және сабақ жоспарын жасау бойынша ұсыныстар берілді.
Психологиялық қызметтің әдіскері С.Р. Маржина «Ерекше бала әлемі» ЕБҚ бар балаларды қабылдау бойынша тренингтік жұмыс элементтерімен семинар өткізді., бұл практикумның мақсаты ЕБҚ бар балаларға қатысты толерантты көзқарастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау болды. Аталған тренингке қатысушылар тәжірибе алмасып, проблема туралы пікір алмасуға мүмкіндік алған мектеп директорлары болды. Кездесу барысында өзекті тақырып және осы жұмыс түрінің маңыздылығы расталды.
Сонымен қатар, мектеп директорларымен «Білім сапасын арттыру бойынша жұмыс бағытын анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Онда сапаның төмендеу себептері және оларды шешу жолдары талқыланды.
Осы кеңес соңында білім басқармасының грамоталары, «Мұғалім -2022» спартакиадасының нәтижелері бойынша ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Просмотров: 263


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст