«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«2022 жылдың үздік психологы»

11.11.2022
Байқау қорытындысы шығарылды: 2022 жылғы 21 қазанда Ақмола облысының білім беру ұйымдарының педагог - психологтары арасында «Үздік психолог» облыстық байқауы өтті.
Байқау кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгергендігін көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау мақсатында өткізілді. Байқауға Ақмола облысының білім беру ұйымдарының 19 педагог-психологы қатысты. Конкурстық сынақтар барысында психологтар өздерінің кәсіби сауаттылығы мен эрудициясын көрсетті. Бірінші орынды Жарқайың ауданы, «Отрадный ауылының негізгі орта мектебі» КММ педагог-психологы Жанар Тасболатовна Мынбаева жеңіп алды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз және оған одан әрі шығармашылық табыс, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуін тілейміз!
АББ әдіскері, педагог-психолог: Светлана Маржина
Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст