«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ДАМУЫ ҮШІН КОВРОЛИНОГРАФИЯ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ Білім бөлімі жанындағы МКҚК «Балдәурен» бөбекжай- бақшасы тәрбиешісі Есмаганбетова Д.Е

27.11.2019

Қазіргі заман талабына сай  ерте жастағы баланың дамуы,  тәрбиесі басты назарға алынып керекті бағдарламалар құрылып отбасы, балабақшаларда жұмыстар жүргізіліп отыр.  Бағдарламалар  баланың  жас ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылып  яғни  саусақ маторикасы мен сөйлеуі, таным  мәдинеті,  дамуы  басты мақсатқа айналды.  Айта кететін  болсақ саусақ маторикасын дамыту үшін қолданылатын технологиялар ішінде ковролинография  өте керекті материал. Бұл әдістің өзектілігі : мектеп жасына дейінгі балалар үшін сөйлеуді дамыту, ұсақ маториканы дамыту, сонымен бірге сенсорлық дамуы үшін жағдай жасалынады.  Ковролинограф – өзекті мәселені шешудің әмбебап құралы ретінде танымалдылыққа ие болып келеді.

         Ковролиноограф – бала қолымен ұстап,  өзі ойланып жұмыс жасайтын  жаңартылған білім үрдісіне сәйкес келетін топтамалардан тұрады. Осындай  кілемшелердің арқасында бала санап, сөйлеп, ертегі құрастырып, ұйымдасқан оқу қызметінде де  еркін  жұмыс жасауға қабілеттенеді.  Ковролонографтың  сюжеттері әр-түрлі болып келуі керек, жапсырмалармен  суреттер, фетрдан жасалған ойыншықтар,  ертегі кейіпкерлері де болуы қажет. Жапсырмалар  арқасында  құрастырмалар құламайды.  Қазіргі кезде балабақшаларда мектеп жасына дейінгі жастағы баланы жан жақты дамыту үшін қолданылатын бағдарламардың бірі.

          Педагог ретінде  кілемше құрастыру барысында менің алған сюжеттерім «Жыл мезгілдері»  танымдық, көркемдік жағынан жақсы құрастырылған материал болып келеді. Ковролинограф  жұмыс барысында шағын топтамамен  басталып бастапқы кезде сырттай ғана бақылаушы ретінде отыратын бала   ересектердің көмегі арқасында өзі жұмыс жасауға, еркін ойлауға қабілеттенеді. Педагог міндеті баланы әлеуметтендіру, құрдас достарымен, жұппен,  топпен жұмыс жасауды үйрету болып табылады. Бағдарлама баланың жеке дамуы үшін және педагогтің  баланы  дамытуы үшін қолайлы. Кілемше мектеп тақтасына ұқсас алайда көркемдік жағынан әсемдікке баули алатын пайдалы құрал ретінде танымал болып келеді, бала балабақша ішінде өзін еркін ұстап қуана жұмыстар жасай алады. 

Қорыта айтқанда ұлы ғалым В.А.Сухомлинский  «Балалардың қабілеттері мен дарындылығы саусақ ұшында» - дегенді дұрыс айтқан. Кілемше көмегімен біз баланың қимыл-қозғалысының икемді болуы мен болашақта ұқыпты оқу мен жазуына септігін тигізетіне сенім білдіремін.

 

Просмотров: 405


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст