«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас педагогтардың II облыстық форумы»

25.11.2019

2019 жылдың 22-ші қарашасы күні сағат 10:30 да Көкшетау қаласында Сәтбаев көшесінде мәжіліс залында «Жас педагогтардың II облыстық форумы» өтті. Ұйымдастырушы: Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті». Форумға Ақмола облысының әр өңірінен жас мамандар, педагогикалық еңбек ардагерлері, жас педагогтардың жұмысына жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты. Облыстық форумның мақсаты: педагогикалық қызмет барысында тұлғалық-бағдарлы, кәсіби өсуді дамыту. Қатысушылар өзара тренинг, шеберлік сағат және де презентациялар көрсетті. Сағат 09:30 да қатысушыларды тіркеу өтті, одан кейін форумның ашылуы болды. Ең бірінші слайд шоу көрсетілді. Одан кейін Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы құттықтау сөз сөйледі. Ұлағатты ұстаздар Омарова Баян Қасенқызы, Чеша Татьяна Геннадьевна, Асылбек Толғанай Талғатқызы өз тәжірибелерімен бөлісті. «Барыс» ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Толбаев Талат Ғарифоллаұлы «Бағалауға көзқарас және мұғалімдердің бағалау тәжірибесі» атты шеберлік сағатымен бөлісті.  Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Ильясова Динара Серікқызы «Критериалды бағалау: қара жәшіктің ішіндегі жұмыс» қарқынды тренингін өткізді. «Нұр Отан» партиясы Ақмола филиалы жанындағы "Жас Отан»" жастар қанатының төрағасы Бекишев Султанбек Евгеньевич баяндама оқыды. Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2019» «Ұстаздыққа жету жолдағы бекеттерім» атты тәжірибесімен бөлісті. Атбасар ауданы Бастау ауылының №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, «Көшбасшы-педагог» республикалық конкурсының жеңімпазы Ербалина Сулушаш Нұрбайқызы «Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру аясында заманауи әдістерді қолдану» тақырыбындағы шеберлік сағатымен бөлісті. Келесі болып Ш.Уәлиханов атындағы университетінің ұстаздары Дамекова Сауле Хайрулловна және Нурмуханбетова Нұргүл Нүркенқызы «Балалар университеті- жаңа ғылыми –білім беру платформасы» атты шеберлік сабақтарын ортаға салды. Сағат 13:15-те түскі үзіліске шықтық. Түскі үзілістен сағат 14:30-да қайтадан келдік. Кішкене күш-жігер жинап алғаннан кейін форум ары қарай өз жалғасын тапты. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Шаяхметова Айсулу Алкешовна «ЭРАЗМУС+  Еуропалық бағдарламасының халықаралық жобалары туралы» презентациямен таныстырды. Одан кейін 1 сағат бойы Алматы қаласы, Алматы Менеджмент Университетінің бірінші проректоры,  білім беруді дамыту институтының директоры Канагатова Алмагүл «Білім беруде философиясы: маңыздары мен құндылықтар, өмір дизайны» атты тренингімен бөлісті. Тренинг барлық қатысушылардың көңілінен шықты. Форум соңында «Жас педагогтарды» марапаттау рәсімі болды. Осымен «Жас педагогтардың II облыстық Форумы» өз мәресіне жетті.

Просмотров: 527


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст