«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика, физика және информатика мұғалімдерінің Х шығармашылық байқауының облыстық қорытындылары.

21.10.2022

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18 қазанда Көкшетау қаласының «Әл-Фараби атындағы IT» базасында математика, физика және информатика мұғалімдерінің Х шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқауға Ақмола облысының 60-тан астам мұғалімі қатысты.

Біздің ауданымыздан облыстық турға  үш мұғалім қатысты: Дамер Б.- «Державин қаласының  А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Сексембаева Г.Б.-«Державин қ. Н. Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Альмухамбетова А.Т. – «Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ мұғалімі.

Байқау қорытындысы бойынша математика мұғалімдері арасында 1 орынды «Державин қаласының А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Дамер Болатбек иеленді.

Болатбекке республикалық конкурста Ақмола облысын лайықты түрде таныстыруды тілейміз!

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст