«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика, физика және информатика мұғалімдері арасындағы шығармашылық байқау.

30.09.2022

2022 жылдың 23 қыркүйегінде математика, физика және информатика мұғалімдері арасында сырттай шығармашылық байқау өтті, оған ауданның 13 мұғалімі қатысты.

Конкурстың мақсаты: білім алушыларды олимпиадалар мен конкурстарға дайындаумен айналысатын жаратылыстану – математикалық бағыты мұғалімдерін, өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау, сондай-ақ мұғалімнің жеке басының шығармашылық еркіндігі кеңістігін, педагогикалық өзін-өзі көрсету тәсілдерін, жеке және кәсіби өсудің одан әрі жолын құру, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы педагогикалық қарым-қатынас шекараларын кеңейту үшін мұғалімдерді ынталандыру болып табылады.

Аудандық кезең конкурсының қорытындысы бойынша аудандық математика, физика және информатика мұғалімдері қауымдастығының арасынан сарапшылар тобының мүшелері келесі қатысушыларға грамоталар береді:

Математика бойынша:

1 орын Дамер Д. – «Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика мұғалімі

Н.Ж. Болатов – «Кен ауылының негізгі орта мектебі» КММ математика мұғалімі

3 орын Дуденко Т.В. – «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика мұғалімі; Калшабеков М.К. – «Үшқарасу ауылының негізгі орта мектебі» КММ математика мұғалімі

Физика бойынша:

1 орын - Сексембаева Г.Б. «Державин қаласының Николай Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ физика мұғалімі

3 орын Мурзабекова Г.З. «Тасты-Талды ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі

Информатика бойынша:

1 орын-Альмухамбетова А.Т. «Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі

2 орын - Серкебаева А.С. – «Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі

3 орын Халила Қ.А. – «Кен ауылының негізгі орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі

     Көкшетау қаласында өтетін облыстық кезеңге осы пәндер бойынша            1 орын алған мұғалімдер қатысады.

Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст