«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Отбасы күні!"

17.09.2019

      «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп елбасы Н.Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты.

      Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына,отбасы құндылығына және дәстүріне қоғамның назарын аудару. Республика көлмінде қыркүйек айында дәстүрлі отбасы күніне орай барлық білім беру ұйымдарында іс-шаралар өтті. Осыған орай аудан мектептері де жоспарға сай ұйымдастырылған іс-шаралар өткізілді. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, өзара түсіністік таныту және өзара көмек көрсету , бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі.  Аудан мектептерінде отбасы мәселесі бойынша психологиялық кеңестер беріліп, апталық аясында сынып сағаттары өткізіліп, сурет көрмелері, фотоколлаж, ата-аналар жиналыстары тағы басқа көптеген іс-шаралар өткізіліп ұйымдастырылды.  Отбасы – мемлекеттің берік іргесін қалайтын да, дәстүрлерін жалғастыратын да, ұрпақ тәрбиелейтін де қастерлі ұя. Сондықтан, отбасының мызғымас беріктігі мен тұрақтылығы біздің әрқайсымыздың қолымызда.

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст