«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дарынды балаларға - Талантты мұғалім» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы

25.04.2022

2022 жылғы 21 сәуірде Жарқайың ауданының шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдері «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығы өткізетін «Дарынды балаларға-Талантты мұғалім» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне 10 адам құрамында қатысты.

        Олимпиаданың мақсаты - жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау; жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасын қалыптастыру.

       Олимпиада кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық кәсіптің маңыздылығын арттыру, ең талантты педагогикалық-бағдарланған жастарды анықтау мақсатында өткізілді. Оған 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар жас педагогтар, психологтар, тәлімгерлер қатысты.

       Олимпиаданың қорытындысы бойынша санаттар бойынша келесі қатысушылар орындарға ие болды және «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ грамоталарын алды:

    «Психологтар» санатында:

    2 орын - Галадий Резеда Рашидовна-Фурманов ОМ

 

«Жас мұғалім» санатында:

1 орын – Курикалова Жанна Николаевна – Абай атындағы ОМ

2 орын - Абаханова Коркем Мағауяқызы-Кенская НМ

2 орын - Муса Меруерт Қайратқызы- Үкібаев атындағы ОМ

3 орын – Пономаренко Ирина Анатольевна – Крупская атындағы ОМ

3 орын - Тілешбек Перизат Тілешбекқызы- Өмірлік НМ

 

«Тәлімгерлер» санатында:

1 орын – Қайырбекова Гүлвира Серкешқызы- Үкібаев ат. ОМ

 

      Республикалық педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

 

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст