«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соңғы қоңырау!

27.05.2019

Жарқайың ауданының барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды.

 

 

      Құрметті ұстаздар, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз, Сіздерді "Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан алдағы жаздын жарқын күндеріне, жақсы көңіл-күй мен тамаша демалыс тілейміз. Бұл жазғы демалыс тек күш, шабыт, жігер мен қуанышты эмоцияға толы болсын.

Мектеп бітіруші түлектер үшін бүгінгі соңғы қоңыраудың үні ерекше. Бұл мереке олардың мәңгі естеріңде қалатын, қайталанбайтын, сағынышпен еске алып жүретін, балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірдңің алғашқы баспалдағына аяқ басар сәттері. Енді санаулы күндерден кейін 11 жыл бойы білім, тәрбие берген аяулы ұстаздарымен, алтын ұя мектептерімен қоштасқалы отыр. Қазір олардың алдарында үлкен сын ҰБТ сыны тұр. Сол сыннан сүренбей өтіп, әр қайсы өздерінің қалаған мамандықтарының иесі болуларына шын жүректен тілектеспіз. Сіздерге сәтті сапар, ақ жол тілейміз.

Ал біздің бірінші сыныпты бітірген  оқушыларын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта оқу жеңіл болсын - деп тілейміз.

Құрметті ұстаздар, кез-келген мереке, іс-шара мен сенбілік жұмыстары мектептердің қатысуыңсыз өтпейтінін білеміз. Мектеп ұжымы әрқашан да қоғамдық іс-шараларға аянбай ат салысып, белсенділік танытады. Білім беру саласының дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Қадірлі ұстаздар!  Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер мен жаңалықтарыңыз арта берсін.

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст