«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас маман-2022»

11.03.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Жарқайың ауданы білім беру саласы қызметкерлерінің Кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, ауданымыздың білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында стол теннисінен және Ұлттық ойын түрлері асық атудан және бас асықтан аудандық жарыс өткізді. Жарысқа 18 жас маман қатысты. Ер мұғалімдер арасынан стол теннисінен І-орынға Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің  мұғалімі Бөлтіріков Бекзат, ІІ-орынға Н.Крупская атындағы орта мектебінің мұғалімі Камышов Виктор, ІІІ-орынға А.Үкібаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Кабиденов Бекболат ие болса қыздар арасынан І-орынға Нахим негізгі мектебінің мұғалімі Қоңыр Анель, ІІ-орынға Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі Курикалова Жанна, ІІІ-орынға Кен негізгі мектебінің мұғалімі Абильдинова А. ие болды.
Асық атудан І-орынға Гастелло  орта мектебінің  мұғалімі Ернар Сәрсенбі, ІІ- А.Үкібаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Шайхы Әділет, ІІІ-орынға Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің  мұғалімі Бөлтіріков Бекзат, бес асықтан І - А.Үкібаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Бейсен Жанар, ІІ- Тасты-Талды орта мектебінің мұғалімі Тиленова Айжан, ІІ- Гастелло орта мектебінің мұғалімі Мұхамбетқали Меруерт ие болды. Барлық қатысушылар «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ және Жарқайың ауданы білім беру саласы қызметкерлерінің Кәсіподақ ұйымының мадақтамалары мен медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Просмотров: 945


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст