«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика мұғалімдеріне арналған «Жазбаша жұмыстар арқылы математикалық сауаттылықты қалыптастыру» семинары

03.03.2022

«Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі»  ММ жоспарына сәйкес 23 ақпан күні аудандық математика пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Математика мұғалімдері Калшабеков М.К. және Абакуменко М.Т.  «Жазбаша жұмыстар арқылы математикалық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.  Сондай-ақ оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру үшін сабақтарды өткізу кезінде қолданылатын түрлі әдістер мен технологиялармен бөлісті.

Математика пәнінің мұғалімі Б. Дамер 2022 жылдың 17 ақпанында Қарағанды қаласында өткен математика пәні мұғалімдерінің Съезінде болып, семинарда әріптестерімен толық ақпаратпен бөлісті. Б. Дамер математика мұғалімдерін даярлау, кәсіби біліктілікті арттыру, аттестаттау туралы: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары туралы секцияларға барды.

Қорытындылай келе, мұғалімдер оқу процесі кезінде туындайтын мәселелер туралы өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, әріптестермен екінші жартыжылдыққа арналған іс-шаралар талқыланды, ұсыныстар берілді.

Просмотров: 806


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст