«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мейрамына арналған «Шымырлық пен шеберлік күні» байқауы

03.03.2022

Жарқайың ауданының білім бөлімі 2022 жылдың 1 наурызында Жарқайың ауданы бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдары арасында «Шымырлық пен шеберлік күні» конкурсын онлайн форматта өткізді.  Мақсаты қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен және ұлттық ойындарымен таныстыру және шығармашылық жұмысқа тарту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Байқау бағдарламасы мыналарды қамтиды:

- «Ханталапай» - қазақтың ұлттық ойыны.

- «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - матадан, жүннен, былғары теріден, киізден, ағаштан, жіптерден, қағаздан, саздан және т.б. бұйымдар жасау.

Жарқайың ауданының мектепке дейінгі балалар ұйымдары арасында өткен «Шымырлық пен шеберлік күні» байқауының облыстық кезеңіне қатысуға комиссия бірауыздан «Балдырған» бөбекжайы МКҚК жеңімпаз деп танып ұсыныс шешім қабылдады.

- «Ханталапай» ойындары – «Балдырған» бөбекжайы МКҚК - мұғалімі Шайкемелов М.Ж.

- «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - «Балдырған» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі - Бекмағамбетова Г.Т.

Просмотров: 916


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст