«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«М.Мақатаев оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңі

25.02.2022

24 ақпан күні «М.Мақатаев оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруға, өз ойларын ғылыми жеткізе білуін дамытуға, оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттауға ықпал етеді.

Байқауға барлығы қазақ тілінде оқытатын ауданның 6 мектебінен 10 оқушы қатысты. Мақатаев оқулары 3 номинация бойынша өткізілді.

«Айтып өткен ақында арман бар ма?» оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыды, ал «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясында қатысушылар өз шығармашылықтарының жинағын ұсынды және өз шығармаларын жатқа оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды 1 орын – А.Үкібаев ат.ОМ оқушысы Найзабекова Арай және А.Үкібаев ат.ОМ оқушысы Шарипов Абай, 2 орын – Кен НМ оқушысы Советова Зарина, Тассуат НМ оқушысы Жұмағали Сырым, Гастелло ОМ оқушысы Қайрат Жансая,            Н. Крупская ат.ОМ оқушысы Маликова А. - 6 оқушы, 3 орын – Н. Крупская ат.ОМ оқушысы Маликова А., Тасты-Талды ОМ оқушысы Зилқара Ақбота,  Гастелло ОМ оқушысы Нұрғожа Гүлсім

Жеңімпаздар Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Просмотров: 811


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст