«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагог»

22.02.2022

Жарқайың ауданының білім бөлімі 2022 жылдың 17 ақпанында онлайн форматта мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері арасында «Үздік педагог» конкурсын өткізді. Мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру, тәжірибені жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру мүмкіндігін беру.

Комиссия бірауыздан «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» конкурсының облыстық кезеңіне «Шаңырақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі - Каштеляк Наталья Александровна жеңімпаз деп танып және қатысуға ұсыну туралы шешім қабылдады, бұл байқауда гран-приді жеңіп алды. 

1 орын «Балдырған» б/б тәрбиешісі Әнуарбекова Гүлназ Мұхтарқызына берілді

2 орын Уәлиханов а. «Балауса» б/б тәрбиешісі Шукало Александра Васильевнаға берілді.

3 орын Гастелло а. «Балдаурен» б/б тәрбиешісі Есмағамбетова Данагүл Еламанқызына берілді.

Барлық қатысушыларға осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Баршаңызға шығармашылық табыс тілейміз!

Просмотров: 243


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст