«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Білімді Ақмола" атты көрме

24.12.2021
2021 жылдың 10 желтоқсанында Жарқайың аудандық мәдениет үйінде  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Білімді Ақмола" атты көрме өтті.
"Білім бөлімі" ММ қонақтарға 5 галерея ұсынды: 
1. "Мектеп" галереясында ауданның визит карточкасы түрінде ақпарат ұсынылды, галерея кітап түрінде болды, оның әр парагында "Алтын белгі" белгісінің иегерлері, түлектер және т.б. туралы қысқаша ақпарат болды.
2. "Педагогикалық" онда балабақша қызметкерлері ауданның білім беруіне үлкен үлес қосқан кадрлар, мектеп директорлары, еңбек ардагерлері туралы ақпарат дайындады.
3. "Шығармашылық әлемі" галереясында балалар шығармашылық үйінің қызметкерлері балалардың үздік жұмыстарын көрсетті.
4. "Үздік 10 мектеп" бұл галереяда ауданның 10 үздік білім беру мекемесі туралы бейне сюжет көрсетілді, оған 7 мектеп пен 3 балабақша кірді.
5. "Ауданның 7 кереметі" галереясы халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, көрнекті мектеп түлектеріне арналып, "Патриот" әскери-патриоттық клубының жұмысын көрсетті.
Соңында  А.Үкібаев атындағы орта мектебі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған гала концерт ұйымдастырды.
Просмотров: 277


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст