«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бақытты балалық шақ» - конкурсы

10.11.2021

2021 жылғы 9 қарашада «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспары негізінде аудандық деңгейде Жарқайың ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жарқайың ауданының Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп, мектепке дейінгі, мектепалды жастағы балалар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайндық форматта «Бақытты балалық шақ» шығармашылық конкурсы өткізілді. 

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

«Музыкалық қонақ бөлмесі» кез-келген жанрдағы әнді орындау, би. Бағалау кезінде орындаудың бірегейлігі (шығармашылық тәсіл, костюмдер, музыкалық сүйемелдеу), бейне безендіру қарастырылды. Комиссия бірауыздан шешім қабылдады:

I орын – Державин қ. «Балдырған» бөбекжайы МКҚК

II орын-Кен НМ мектепалды сыныбы; Державин қ. «Шаңырақ» бөбекжайы МКҚК

III орын - «Солнышко» балабақшасы МЖК

«Театрландырылған қойылым» номинациясында бағалау кезінде идеялар мен мазмұнның бірегейлігі, көркем образдың ашылуы, сахна мәдениеті, әртістік және байқау тақырыбына сәйкестігі, бейне безендіру қарастырылды.

I орын – Державин қ. «Балдырған» бөбекжайы МКҚК

II орын-Өмірлік мектепалды сыныбы

III орын - Нахимов НМ мектепалды сыныбы

«Әдебиеттік оқу» номинациясында бағалау кезінде оқудың айқындылығы (дыбыс тазалығы, дикция, әртістік, сахналық мәдениет, орындау ерекшелігі), бейне безендіру қарастырылды.

I орын-Пригородное а. «Балапан» бөбекжайы МКҚК

II орын- «Солнышко» МЖК балабақшасы

III орын-Кен НМ жанындағы шағын орталық; Абай ат.ОМ мектепалды сыныбы; Тасты-Талды а. «Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Бұл байқау сәтті өтті, Жарқайың ауданының мектепке дейінгі балалар ұйымдарының тәрбиеленушілері өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетіп, осы байқауға белсенді қатысты.

Қатысқаныңыз үшін рахмет!

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст