«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарқайың ауданының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) конкурсының аудандық

08.11.2021

2021 жылдың 29 қазанында Жарқайың ауданының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) конкурсының аудандық кезеңі өткізілді

Конкурс педагог қызметкерлердің кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру үдерісін ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдауға, бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

- тиімді педагогикалық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату;

- кәсіби шығармашылық қызметті іске асыруға құндылық бағдарларын, сенімдерін, уәждерін дамыту;

- бастауыш сыныптарда сабақ беру сапасын арттыру;

- аудан, қала педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру;

-білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;

-оқу-тәрбие процесінің практикасына заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату.

Конкурсқа 14 мектептің педагогтары қатысты:

      1.Барлық ұсынылған жұмыстар - 14 (қазақ тілінде-7, орыс тілінде – 7)

 Ұпай саны бойынша жеңімпаздар анықталды:

1.Надыршина Альмира Владимировна - Гастелло ОМ 1 орын

2.Әнуаров Шыңғысхан-Тасты-Талды ОМ 1 орын

3.Бримжанова Алмагүл Айтқазықызы-Тассуат НМ 2 орын

4.Жұмабаева Қарашаш Сейтбекталқызы - Крупская атындағы ОМ 2 орын

5.Мусина Меруерт Болатқызы- А.Үкібаев атындағы ОМ 3 орын

6.Цыцарева Айнұр Бірлікқызы - Отрадное НМ 3 орын

7.Угатьева Елена Мечеславовна – Пятигорск ОМ 3 орын

8.Демидова Наталья Антоновна - Зерноград НМ «Үздік бейнесабақ» номинациясы

9.Туленова Гүлмира Қасымқызы - Львов НМ «Үздік бейнесабақ» номинациясы

10.Тұрлыбаева Сағила Кеңесбайқызы - Уәлиханов ОМ «Үздік ЭССЕ» номинациясы

11.Сағынбек Бибігүл Қасмұханқызы - Тасөткел НМ «Үздік ЭССЕ» номинациясы бойынша

12.Абенова Калия Шарипханқызы - Өмірлік НМ «Үздік ЭССЕ» номинациясы  

13.Балмұратов Архат Жұмағалиұлы - Кең НМ «Үздік бейнесабақ» номинациясы

14.Кенжеғұлова Бақыт Советқызы - Нахимов НМ «Үздік портфолио» номинациясы

Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст